Алматыда бір отбасының 3 баласын көлік қағып кетті


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда бір отбасының үш баласын көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиға Ұлжан шағын ауданындағы №152 мектептің маңында Тәкежанов көшесінде болған.

«18 қыркүйекте жедел жәрдем бригадасы 9, 6, 5 жастағы үш баланы жеткізді. Балаларды Ұлжан шағын ауданында көлік қағып кетті. 5 және 6 жастағы балалардың кеуде қуысы органдары соққысы алған. 9 жастағы бала жеңіл жарақат алған. Сондықтан ол амбулаториялық ем алуға үйіне жіберілді. Ал 5 және 6 жастағы балалар ауруханаға жатқызылды», — деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Дәрігерлер балалардың жағдайын орташа деп бағалап отыр.

Белгілі болғандай, анасы мен балалары жолдың тыйым салынған жерінен өтпек болған.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatyda-bir-otbasynyn-3-balasyn-kolik-kagyp-ketti_a3566819”